Қостанай облысында жеті мектепте жөндеу жұмыстары уақытында бітпеген

15 Қыркүйек 2022, 20:25
1087
Бөлісу:
Қостанай облысында жеті мектепте жөндеу жұмыстары уақытында бітпеген

Қостанай облысында жеті мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері мәлімдеді. Конкурстық шаралар өтпегендіктен Амангелді ауданындағы Жаңаауыл орта мектебінде құрылыс жұмыстары кейінге қалдырылды. Ал мердігерлер Қарабалық пен Меңдіқарада, өз міндетін мерзімінде атқара алмаған. Мектепсіз қалған ауылдағы оқушылар қонақ үй, балабақша, дәмханада білім алуға мәжбүр. Барлық ғимарат оқу процесіне қолдан келгенше бейімделген. Бірақ балаларды тамақтандыру, нысанның жалпы санитарлық жағдайы сын көтермейді. 

Одан қалды жылумен қамту жүйелері атымен жоқ. Биыл аймақта толық және ағымдағы жөндеуден жүзден аса білім нысаны өткен. Бұл мақсатқа жеті миллиард теңге қарастырылды. 

Мектепті мерзімінде қолданысқа бере алмаған мердігерлердің ісімен сот айналысады. Қазір оқу ордаларының басшылары оларға қатысты шағымдарын жолдады. Қалай дегенмен құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болады, - деді  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а Алёна Мальгаева.

Өзгелердің жаңалығы