Қостанай облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 8 нысан салынады

5 Қараша 2022, 22:23
1018
Бөлісу:
Қостанай облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 8 нысан салынады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Қостанай облысында 7 200 оқушыға арналған 8 мектеп салынады. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Облыс әкімі өңірде  сапалы білім беру ортасын құру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жазды.

Жаңа заманауи мектептер салынады. Мысалы, келесі жылы облыс орталығының 2 шағын ауданында оқушыларға жаңа мектептер ашылады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін Қостанай, Рудный, Арқалық, Тобыл қалаларында, Заречный және Құсмұрын кентінде 7 200 орындық тағы 8 жаңа мектеп салу жоспарланған, - деп жазды облыс әкімі Іnstagram-дағы парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы