Қостанай облысында үш адам құтқарылды

15 Сәуір 2024, 12:11
180
Бөлісу:
Қостанай облысында үш адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысындағы құтқару жұмыстары туралы ТЖМ жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 14 сәуірде сағат 19-дан 28 минут өткенде Қарасу аудандық ТЖ басқармасына «Қараман ЖШС» мекемесінің егін алқабын тексеру барысына шыққан автокөлігінің бұзылып, ішінде үш адам қалып қойғандығы туралы хабарлама түсті.

Хабарламаға сәйкес Қостанай облысына көмекке келген Қызылорда облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары 1 техника, 1 қайығымен көмекке оқиға орнына шықты. Көмек көрсету барысында аталмыш ауданнан 7 шақырым жердегі Алыпқаш учаскесінде қалған адамдарды моторлы қайықты пайдалану арқылы жағаға шығарды, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы