Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қызды ток соқты

27 Тамыз 2023, 23:42
723
Бөлісу:
Қостанай облысында көбік кешінде 9 жасар қызды ток соқты
Фото: архив

Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды ток соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігі (кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіледі, тиісті сараптамалар белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы