Қостанай облысында ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді

13 Сәуір 2024, 11:10
296
Бөлісу:
Қостанай облысында ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді
Фото: видеодан кадр

Шамамен 16 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатынсыз қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта смета әзірленді, қажетті материал, тіректер дайындалуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың хабарлады.

Қостанай облысының екі қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды.

Бүгінгі күні 354 үй тексерілді, оның ішінде 158 үй қалпына келтіруге жатады, олар бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін залал сомасы төленеді. Қалпына келтірілмейтін үйлердің саны 196 тұрғын үй, бұл азаматтарға үй беріледі. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан мал өлімі осы күні 971 басты құрады. 214 бас бойынша төлемақы төленді, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен бастап жүргізілуде. 828 өтініш бойынша 187 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы