Қостанай облысында балшыққа батып қалған туристер құтқарылды

11 Мамыр 2025, 04:33
680
Бөлісу:
Қостанай облысында балшыққа батып қалған туристер құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысының Сарыкөл ауданында "Батыр Барақ" мавзолейінен қайтып келе жатқан туристер мінген көлік балшыққа батып қалды, деп хабарлады BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан далада 15 жолаушы көлікте қалып қойған. Құтқарушылар өтімділігі жоғары арнайы техника көмегімен көлікті қауіпсіз жол бөлігіне сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады және олар сапарларын әрі қарай жалғастырды.

ТЖМ мәліметінше, жаңбыр салдарынан жол лайланып, көліктің жүруіне кедергі келтірген.

Құтқарушылар азаматтарды көктемгі және күзгі маусымдарда дала мен шалғай жерлерге шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеруге, сондай-ақ байланыс құралдарын алып жүруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы