Қостанай облысында анасы мен екі баласы ыс тиіп қаза болды

1 Қараша 2023, 03:20
635
Бөлісу:
Қостанай облысында анасы мен екі баласы ыс тиіп қаза болды
Фото: Артём Чурсинов

Оқыс оқиға Қостанай облысының Қоржынкөл ауылдық округіне қарасты Лесное ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйел мен оның 10 және 15 жастағы екі баласы оқиға орнында көз жұмды, деп жазды Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал балалардың әкесі ауруханада жатыр.

Құтқарушылар өлімнің алдын ала себебі ретінде пештегі жарық салдарынан иіс тиіп, улану деп атады.

 

Өзгелердің жаңалығы