Қостанай облысында 25 медициналық нысан салынады

11 Желтоқсан 2024, 03:15
298
Бөлісу:
Қостанай облысында 25 медициналық нысан салынады

Жыл аяғына дейін Қостанай облысында жаңадан салынған 25 денсаулық сақтау мекемесі қолданысқа беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соның бірі Әулиекөл ауданындағы Көктал елді мекенінде бой көтерді. Бұл ауылда бұрың-сонды басыбайлы медициналық қызмет көрсететін жеке ғимарат болмаған.

Бұл нысан «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында салынып жатыр. Жалпы құны 250 миллион тенге. Жыл аяғына дейін тапсырамыз деп отыр.

Қазіргі таңда ішкі жұмыстары аяқталып жатыр. Құрал-жабдықтары дайын тұр. Мынау енді үлкен ғимарат бүкіл керекті құрал-жабдықтар болғаннан кейін соның бәрі осында қаралып, емделіп, жүреді деп ойлаймын, - дейді Көктал ауылының әкімі Марат Таипов.

Облыс басшылары ұлттық бағдарлама аясында салынып жатқан ауылдық денсаулық сақтау нысандары жыл аяғына дейін толық тапсырылады деп сендірді.

Екі жылдың ішінде 2023-2024 жылдары ішінде 25 ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр. Оның бесеуі бітті. 19-ы қазіргі таңда бітіп жатыр. Жылдың аяғына дейін толығымен бітіп, салынады. Келесі жылдың басынан бастап, ауылды мекенде тұратын азаматтар қолдана алады, - дейді облыс әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов.

Келер жылы Арқалық өңірлік және Жітіқара аудандық ауруханасын жаңғыртып, жарақтандыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы