Қостанай облысында 18 жол учаскесі жабылды

24 Ақпан 2022, 20:03
1294
Бөлісу:
Қостанай облысында 18 жол учаскесі жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында ақ түтек боран соғып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осыған байланысты барлық көлік үшін жергілікті маңызы бар 18 жол учаскесі жабылды. Жолда қар құрсауында қалғандар үшін 11 жылыту пункті ашылған. Ауа райы бұзылған елді мекендер маңында патрульді полицейлер кезекшілік етіп жатыр. Қазір аймақ бойынша дауылды ескерту жарияланған.   

Қыс басталғалы бері қар құрсауынан 49 техника шығарылып, 176 адам құтқарылды, оның 9-ы бала. Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайды болдырмау үшін департамент құрамынан 33 техника және 95 адам жеке құрам жұмылдырылды, - деді ЖД аға инженері  Данияр Ғазез.
 

Өзгелердің жаңалығы