Қостанай облысы: су тасқыны жағдайы тұрақталып келеді

17 Сәуір 2024, 00:19
444
Бөлісу:
Қостанай облысы: су тасқыны жағдайы тұрақталып келеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Тукушев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, өңірде су тасқыны кезінде 10 мыңға жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды. Ал осы тәулікте ТЖД, ЖАО және ҚМ бірлескен күшімен 106 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 181 адам бар.

Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша 51 тұрғын үй мен 66 аула аумағы су астында қалып отыр. Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар су қоймаларына ерекше назар аударылады.

Облыстық жедел штаб тәулік бойы режимде жұмыс істейді, үздіксіз мониторинг жүргізілуде. Жанкелді ауданының Тауш ауылында автожолдың шайылған бөлігінде Қостанай облысы ТЖД тобы жұмыс істейді. Құтқарушылар өткелді бақылайды және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді Өміржан Тукушев.

Өзгелердің жаңалығы