Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды

18 Тамыз 2022, 16:26
2024
Бөлісу:
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды
Фото: Zakon.kz

 Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды.

Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.  

Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды.

ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, - деді Жоғарғы сотта.

Өзгелердің жаңалығы