Қосшыда сұмдық жағдай: Жол жиегінен пакетке салынған жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Шақалақ 6-7 айлық шамасында.

 ©BAQ.KZ Бүгiн 2026, 14:35
Бүгiн 2026, 14:35
195
Фото: ©BAQ.KZ

Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәресте салынған пакет табылды. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаланың жеке секторларының бірінде жол жиегінен ішінде шамамен 6–7 айлық жаңа туған ұрық болған пакет анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өлі туғаны немесе туғаннан кейін шетінеп кеткені анықталуға тиіс.

Ақмола облысы полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Наверх