Қосшыда ер адамды шатырдан түсіру үшін арнайы операция жүргізілді

Мамандар ер адамды қауіпсіз жерге түсіру үшін құтқару арқаны мен арнайы зембілді қолданған.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
214
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақмола облысында құтқарушылар қозғала алмай қалған ер адамды шатырдан түсіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Қосшы қаласында болған. Төтенше жағдайлар қызметіне екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырында 1972 жылы туған ер адамның кенеттен белі ұстап, өздігінен қозғала алмай қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары мен жедел жәрдем бригадасы жедел жетті.

Мамандар ер адамды қауіпсіз жерге түсіру үшін құтқару арқаны мен арнайы зембілді қолданған. Алғашқы медициналық тексеруді жедел жәрдем фельдшері шатырда жүргізді.

Кейін құтқарушылар ер адамды арқан арқылы абайлап төмен түсіріп, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Құтқару операциясы сәтті аяқталды.

Наверх