Қосшы қаласында ТЖМ қызметкерлері екі баланы құтқарды

Бөлісу:
Қосшы қаласында ТЖМ қызметкерлері екі баланы құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды BAQ,KZ.

Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 және 2023 ж. туған балақайлар есіктің жабылуына байланысты пәтерде қамалып қалған. 

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы пәтердің терезесіне кірді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде сәбилер ата-аналарына аман-есен берілді. Балалар зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!

Өзгелердің жаңалығы