Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қошқар-Ата қалдық қоймасы: Мердігермен соттасу жүріп жатыр – әкім

Бүгiн, 16:33
209
Бөлісу:
 Өңірлік коммуникация орталығы
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы

Маңғыстау облысының басты экологиялық мәселесі – «Қошқар- Ата» қалдық қоймасы. Бұл кеңес дәуірінде өндіріс қарқынды дамыған шақта химия және металлургия салаларынан шыққан қалдықтар жиналған орын. Қалдық қоймасы Ақтауға тым жақын орналасқан. Тұрғындар жел тұрған күндері құрамында радиоактивті элементтер бар шаң ауаға көтерілуі мүмкін екеніне алаңдаулы. Осы мәселеде өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай қандай шаралар жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қошқар-Атада ондаған, тіпті жүз миллион тоннаға жуық қалдық жиналғаны айтылады. Соңғы жылдары мемлекет құрғаған аумақтарға топырақ төсеу, шаң көтерілмеуі үшін сексеуіл отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әкім қазір бұл жұмыстардың аяқталып қалғаны туралы айтты. 

Қазір жобадан тыс оның сыртын қоршап, айналасына сексеуіл егу жұмыстары мәресіне жетіп қалды, - деді әкім.

Сондай-ақ алғашқыда мемлекет пен «Павлодар өзен портымен» - 17,1 млрд теңгеге келісім жасалды. Одан соң мемлекеттік сараптама нәтижесінде - 51,2 млрд теңгеге бағаланды.

Қазір бұл компаниямен сот процестері жүргізілуде. Кәсіпорын жұмысты бастаған еді. Бірақ біздің әріптестер олардың пайдаланылған құрылыс материалдарына байланысты келіспеушілік туды, - деді әкім.

Әкім сөзінше, қазір аймақтық сот процесінде жеңіліп, қазір іс Жоғары сотта қаралуда.

Өзгелердің жаңалығы