Қошанов журналистердің сұрағынан жалтарған Ардақ Назаровқа қатысты пікірін айтты

29 Наурыз 2023, 14:41
1354
Бөлісу:
Қошанов журналистердің сұрағынан жалтарған Ардақ Назаровқа қатысты пікірін айтты
Фото: arasha.kz

Егер Ардақ Назаров Мәжілістің регламентін бұзатын болса ескерту жасалады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық мандатын иеленген Ардақ Назаров кеше журналистердің сұрағына жауап бермей, жалтарған болатын.

Журналистер Мәжіліс төрағасынан БАҚ өкілдерінің сұрағынан жалтарған депутаттардың мәселесі әдеп кеңесінде қарала ма? - деп сұрады.

Біз әдеп кеңесін құрып үлгерген жоқпыз. Парламент спикері ретінде және Парламент басшылығы бар, әрине, біз депутаттармен жұмыс істейміз. Мұндай талап болса, жеткіземіз. Былтыр жетінші шақырылымның депуттарында ондай оқиғалар болмады. Сондықтан қайталаумаға тырысамыз. Әрине, сіздерге сұхбат беруге бірінші кезекте депутаттар мүдделі. Өйткені журналистер арқылы жасалған іс пен ой-пікірімізді жеткізе аламыз, – деді Ерлан Қошанов.

Айтуынша, Ардақ Назаров  регламентті бұзатын болса ескерту беріледі. 

Журналистердің сұрағына жауап бермеген екен деп, депутаттық мандатынан айыру деген заңда қарастырылмаған. Депутат өзі құқылы – жауап бере ме, жоқ па? Бірақ жауап беруі қажет, - деді Қошанов.

Өзгелердің жаңалығы