Қошанов: Мәжіліске жетекшілік ету – үлкен жауапкершілік

1 Ақпан 2022, 14:12
2283
Бөлісу:
Қошанов: Мәжіліске жетекшілік ету – үлкен жауапкершілік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сайланған Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов осылай деп хабарлады. Сондай-ақ ол өмір жолының бірқатар уақыты Парламент қабырғасында өткенін алға тартты. 

Өмір жолымның бірқатар уақыты осы Парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында әрі қарай да осы жұмысты, абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент Мәжілісіне жетекшілік ету – бұл ерекше мәртебе екенін жақсы түсінемін. Бұл Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысының алдындағы үлкен жауапкершілік, - деді Ерлан Қошанов. 

Еске сала кетейік, бүгін Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін Қошанов  екі жылдан астам уақыт уақыт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болған еді.

Өзгелердің жаңалығы