Мәжіліс төрағасы сайланды

1 Ақпан 2022, 10:47
1410
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов болды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа сайланған төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, - деп жазды ол.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды,  делінген Ақорданың хабарламасында.

Туған жылы: 1962 жылы

Туған жері: Қарағанды облысында туған.

Білімі: 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді.

1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.

Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.


1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.


1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары.


1995 ж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.


1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.


1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.


2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.


2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2012 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.


2017-2019 – Қарағанды облысының әкімі.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды


«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 

Өзгелердің жаңалығы