Қошанов AMANAT-тың төрағасы болып сайланды

26 Сәуір 2022, 15:44
1483
Бөлісу:
Қошанов AMANAT-тың төрағасы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде партия төрағасы лауазымына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сайланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІI съезінде партиядағы өз лауазымын босатып, өз орнына Ерлан Қошановты ұсынған болатын.

Съезге қатысушылар Президент ұсынған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Осылайша Парламент Мәжілісі төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды.

Қазіргі лауазымы: ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы


Туған жылы: 1962 жылы

Туған жері: Қарағанды облысында туған.

Білімі: 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді.

1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген.


Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.


1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.


1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басшының орынбасары.


1995 ж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің төрағасы.


1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.


1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.


2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.


2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіндегі ҚР Үкіметінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі.


2012 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.


2017-2019 – Қарағанды облысының әкімі.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы


«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендарымен және мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы