"Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің!". Димаш қайтыс болған атасына соңғы сөзін арнады

18 Маусым 2023, 10:20
2598
Бөлісу:
"Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің!". Димаш қайтыс болған атасына соңғы сөзін арнады
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Белгілі әнші Димаш Құдайберген дүниеден озған атасына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің, кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…, деп жазды ол.

Еске салсақ, 13 маусымда Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды. Мемлекет басшысы өнер қайраткері Димаш Құдайбергеннің атасы – Құдайберген Айтбайұлының дүниеден өтуіне байланысты Айтбаевтар әулетіне көңіл айту жеделхатын жолдады. 15 маусымда Астана қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, оны жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды.

Өзгелердің жаңалығы