Қосалқы құн салығынан босату шарты өзгерді

7 Шілде 2022, 16:04
1429
Бөлісу:
Қосалқы құн салығынан босату шарты өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану шарттары өзгерді. 

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 
24 маусымдағы № 623 бұйрығымен Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілді (2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрық).

Енгізілген өзгерістер жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарының күші қолданылатын тұлғалар қатары кеңейтеді. Енді бұндай тұлғалар қатарына уәкілетті экономикалық операторлар енгізілді.

Сондай-ақ, көлік құралдарының жүк бөліміне электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) орнатуды міндеттейтін шарттар алынып тасталды.

Дегенмен, енді ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттауға арналған тауарларды қосылған құн салығынан босатуға мүмкіндік беретін жаңа шарт енгізілді. Тауарларды әкелу туралы өтініште (1-бөлімі кестесінің 6-бағанында) және электрондық шот-фактурада (8-бағанының G бөлімінде) көрсетілген тауар құны тауарлар декларациясында (45-бағанында) көрсетілген тауар құнынан төмен болмаса қосылған құн салығынан босату алуға болады.

Жаңашылдықтар 2022 жылдың 11 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.

Өзгелердің жаңалығы