Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қоржында қос қола: Нұрқанат Серікбаев пен Аман Бақытжан –Универсиада жүлдегерлері

23 Шілде 2025, 22:25
963
Бөлісу:
 ҰОК
Фото: ҰОК

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев 2025 жылғы Универсиадада қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада отандасымыз (66 келі) украиналық Микита Холобородконы жеңді.

Сонымен қатар Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері атанды. Отандасымыз қолаға таласта 60 келіде сынға түсіп, гүржілік балуан Лука Модебадзені жеңді.

Қоржында қос қола: Нұрқанат Серікбаев пен Аман Бақытжан –Универсиада жүлдегерлері

 

Өзгелердің жаңалығы