Қорғау нұсқамасы шектеулерінің тізбесі кеңейтіледі – Оспанов

21 Сәуір 2022, 15:16
1631
Бөлісу:
Қорғау нұсқамасы шектеулерінің тізбесі кеңейтіледі – Оспанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңға түзетулір мен құқықбұзушылықтарға қатысты қорғау нұсқамасының шектеулерінің тізбесі кеңейтіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға және жәбірленушімен қарым-қатынас жасауға басқа да шектеулер енгізіледі. Оның ішінде атыс қаруын салып жүруге, ішімдік ішуге, есірткі қолдануға тыйым салынады. Бұл түзету қорғау нұсқамасының тиімділігін арттырады, - деді ол. 

Оспанов атағандай, осылайша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Ішкі істер органдарына басқа мемлекеттік органдарына сияқты өз өкілеттерінің аясында құзырет беріледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және осы салада құқық бұзушыларға түсіндіру жұмыстары жүзге асырылады, - деді Оспанов.

Өзгелердің жаңалығы