Қорғаста «алтын инелер» табылды

30 Қаңтар 2019, 12:05
3330
Бөлісу:
Қорғаста «алтын инелер» табылды

Астана, BAQ.KZ. Қорғас шекара отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығын шолып жүріп, шекарашылар Қазақстанға қарай шыға берісте жалпы салмағы 45 кг-ға жуық иесіз заттар тауып алды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда - ыстық балауыз, сонымен бірге, «алтын инелер». Жүктің 10 кг-ға жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты. Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Сонымен қатар, Петропавловск шекара отрядының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды.

Ұсталу себебі – автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі. Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.


Өзгелердің жаңалығы