Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қорғас жаңа инвестициялық жобалардың орталығына айналады

9 Тамыз 2025, 06:35
559
Бөлісу:
 ҚР СІМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Қытайдың ірі корпорациялары – «China Minmetals Corporation» және «CITIC Construction Co. Ltd» басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесулердің негізгі тақырыбы – логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру болды.

«China Minmetals Corporation» өкілдерімен Қорғас маңында Азия мен Еуропа арасындағы құрлықаралық жаңа стратегиялық торап – логистикалық хаб салу мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ал «CITIC Construction Co. Ltd.» компаниясының өкілдері Қазақстандағы инвестициялық қызметтерін кеңейту жоспарларын білдіріп, шекара маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін индустриялық парк құру идеясын ұсынды. Бұл жоба өңірдің экспортқа бағдарланған экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытаймен шекара маңындағы ынтымақтастық елдің сыртқы экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру Жетісу облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер береді.

Өзгелердің жаңалығы