Алматы, BAQ.KZ. Кінәлі азамат ұсталып, ол 551-баптың 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
Белгілі болғандай, Қазақстан азаматы еліміздің шекарасынан Қытай Халық республикасына өтпек болған сәтте тексеріс кезінде ұсталған.
Оның қол жүгінде тиісті формада декларациядан өтпеген қаражат болыпты.
Атап айтқанда, 3 млн 800 мың теңге, 3 мың АҚШ доллары, 570 сом және 90 мың юань табылды.
Қазіргі таңда кінәлі азамат ұсталып, ол 551-баптың 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.