Қорғаныс саласы қызметіне жаңа автокөліктер берілді

4 Желтоқсан 2022, 12:22
855
Бөлісу:
Қорғаныс саласы қызметіне жаңа автокөліктер берілді

Ақтөбе облыстық қорғаныс істері департаментіне 13 жаңа автокөлік берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қорғаныс істері жөніндегі департамент жұмысымен танысып, 13 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті.

Қазақстанда жиналған су жаңа көліктер департаменттің қалалық және аудандық бөлімдеріне берілді.

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына — 30 жыл. Осы жылдар аралығында еліміздің Қарулы Күштері Тәуелсіздігіміздің кепілі болып, оны күзетіп келеді. Департамент қызметкерлеріне Республикамыздың Қарулы Күштерінің қатарын толықтыруда атқарып жатқан орасан зор жұмыстары үшін алғысымды білдіремін. Елімізге тыныштық, береке-бірлік тілеймін, - деді шара барысында сөз алған өңір басшысы.

Айта кетерлігі, биыл жергілікті әскери басқару органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша әскерге шақырту науқанын сапалы ұйымдастыруға 433 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
Сонымен қатар Әйтеке би, Алға, Ырғыз аудандарындағы қорғаныс бөлімдері мен әскерге шақырту пункттері жаңа ғимараттарға орналасты.

Ал Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында әскери шақырту пунктерінің жаңа ғимаратын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы