Қорғаныс министрлігінің екі мекемесі жауапкершілікке тартылды

11 Тамыз 2023, 20:24
713
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің екі мекемесі жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысындағы әскери бөлім мен әскери колледж әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасымен бірлесіп «ҚР Қорғаныс министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледжі» және ҚР Ұлттық Ұлан 5510 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңының талаптарын орындау бойынша тексеріс жүргізді.

​Тексеріс барысында салыстырып-тексеру мерзімі өтіп кеткен өлшем құралдарын пайдалану анықталды. Бұл жеке құрам орналасқан объектілердегі температураны өлшеу құралдары, медициналық таразылар, тонометрлер т.б. Екі әскери нысанда барлығы 101 бірлік өлшем құралы мерзімдік тексерусіз қолданылған. Осы құқық бұзушылық үшін мекемелердің әрқайсысына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Бұдан бөлек 230 АЕК мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылды, бұл 793 500 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.

Өндіріп алынатын сома толық төленген. Департамент қызметкерлері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы