Қорғаныс министрлігінің басшылығы бронетехника шығаратын отандық зауытқа барды

17 Тамыз 2024, 20:57
577
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің басшылығы бронетехника шығаратын отандық зауытқа барды
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовты кәсіпорынның Бақылау кеңесінің төрағасы Айбек Барысов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс ведомствосының басшысы зауыттың өндірістік процесімен танысты, сондай-ақ оған жұмыс істеп тұрған конструкторлық бюроның жұмысын да көрсетті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазіргі таңда елдің қорғаныс қабілетін нығайту жолында Қарулы күштер мен отандық өндірушілердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Қорғаныс ведомствосының барлық күш-жігері қорғаныс саласын қолдауға бағытталған. Мемлекет басшысы мен Премьер-Министр осындай міндет қойып отыр.

Өзгелердің жаңалығы