Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Абайдағы өртті сөндіруге көмекке келді

9 Маусым 2023, 19:03
2886
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Абайдағы өртті сөндіруге көмекке келді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ыстық ауа-райы шығыс өңірдегі Батпаев орманшылығында орман өртінің қайта тұтануына әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртке қарсы қызметтердің жұмысын күшті жел де қиындатып, тілсіз жаудың жаңа учаскелерге тез таралуына әсер етуде.

Алғашқы дабыл бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілеріне Қарулы күштердің әскери қызметшілері көмекке келді.

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Абайдағы өртті сөндіруге көмекке келді

Апат аймағына Семей авиациялық бөлімінің армиялық авиация экипаждары жұмылдырылған. Астанадан Абай облысына қосымша Ми-171Ш армиялық авиацияның көліктік-жауынгерлік тікұшағы жіберілді. Бұл авиациялық техника сыйымдылығы 3,5 тонна аспалы су төгетін құрылғылармен жабдықталған.

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Абайдағы өртті сөндіруге көмекке келді

Қазіргі уақытта өрт ошақтарына 63 тоннадан астам су төгілді. Жалынды сөндіруге тартылған әскери ұшқыштардың мұндай міндеттерді орындауға тиісті рұқсатнамалары бар.

Сондай-ақ, тілсіз жаумен күреске "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жүзден астам әскери қызметшісі мен 15 бірлік арнайы техника тартылды.

Өзгелердің жаңалығы