Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия туралы» өкімге қол қойды.
Құжаттың мәтіні 2026 жылғы 26 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, оның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеру жүргізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы;
Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2. Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын.
3. Осы Өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.