Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды

26 Наурыз 2022, 08:33
1578
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Елордада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе аппараты өкілдерінің жұмыс консультациялары өтті.

Тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы