Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды

24 Желтоқсан 2021, 20:29
2764
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жыл қорытындысы бойынша кәсіби қызметінде үздік нәтиже көрсеткен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері марапатталды. Салтанатты шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.

Үздік әскери қызметшілерді анықтайтын жылдағы байқау биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Ол бірнеше кезеңде өткізілді. Қарулы Күштердің әскер түрлерінде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдер мен мекемелерде 24 аталым бойынша мамандард іріктелді.

Жеңімпаздарды анықтауда жауынгерлік даярлықтан ай сайын өтетін бақылау сабақтарының, бақылау және қорытынды тексерулердің нәтижелері, әскери қызметшінің жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық іс-шараларына белсенді қатысуы, қызметтік мінездемесі, әскери тәртібі, моральдық-іскерлік қасиеттері, сондай-ақ психологиялық орнықтылық деңгейі ескерілді.

2021 жылы танкист – гвардия сержанты Абзал Жақсылық, артиллерист – сержант Мақсұт Жасұзақ үздіктер деп танылды. Механик-жүргізушілер арасында аға сержант Нұрхат Жанәбілов, мергендерден аға сержант Толқын Бәкіжанова, барлаушылар ішінде аға сержант Әділбек Нұрболат, ұшқыштардан аға лейтенант Әли Әділбеков жеңімпаз атанды.

Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды

Байқау қорытындысы бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің маманы майор Ерік Рақымжанов, «Маңғыстау» зениттік-артиллериялық кеме командирі 3-дәрежелі капитан Медет Сұлтанов тамаша нәтижелер көрсетті. «Шебер» номинациясы сержант Дидар Түсебаевқа бұйырды. Медицина қызметкерлерінен сержант Света Мақсұтова, тәрбие құрылымдарының офицерлері арасында подполковник Ұлан Бисенов, байланысшылардан аға сержант Нұрбол Сансызбаев үздіктер қатарынан көрінді. 3-сыныпты сержант Арман Қазбеков жыл бітімгері атағына лайық деп танылды. 

Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды

Жеке аталымдарда сапер, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау маманы, сержант, әскери полиция қызметкері, жедел кезекші, заңгер, қаржыгер, кадр қызметкері, оқытушы және басқа да әскери мамандар үздік деп аталды.

Бұл байқаудағы жеңісім мен үшін маңызды. Ел әскеріне кәсіби деңгейі мен жауынгерлік даярлығын үнемі жетілдіріп отыратын мықты жауынгерлер қажет. Бала кезімнен спортпен шұғылданып, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарда жеңіске жеттім. Қарулы Күштерде жаттығу жасап, жаңа спорттық шыңдарды бағындыруға мүмкіндігім бар, – деп лейтенант Жанаргүл Ақбаланова алған әсерімен бөлісті.         

«Әскер тарланы» байқауы 2019 жылдан бері үлгілі әскери мамандарды анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіліп келеді. Бұл байқау әскери қызметте қажетті кәсіби дағдыларды дамытуға және ынталандыруға ықпал етері анық.

Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауы қорытындыланды

Бұдан өзге, «Сарбаз сахнасы» шығармашылық ұжымдары байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. «Вокал» аталымында Десанттық-шабуылдау әскерінен Мақсат Саматов жеңіске жетті, «Аспаптық ансамбль» аталымында аға лейтенант Нұрлан Қошқаров басшылық еткен Әскери-теңіз күштерінің ұжымы, би ұжымдары арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ансамблі жеңіс тұғырынан көрінді.

 Байқаудың ең ерекше нөмірін Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері Жұлдыз Санияз көрсетті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының кіші сержанты Ерлан Әшімов патриоттық әнді нақышына келтіріп орындағаны үшін жүлдені олжалады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының шығармашылық ұжымына «Сарбаз Сахнасы» фестивалінің бас жүлдесі табыс етілді.

 

Өзгелердің жаңалығы