Қорғаныс министрлігі. Жарамсыз оқ-дәріні жою және Жамбылдағы жарылыс

2 Қаңтар 2022, 16:25
1541
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі. Жарамсыз оқ-дәріні жою және Жамбылдағы жарылыс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс туралы айтты.

Бүгінде бұл Қазақстан Қарулы Күштері қызметінің ең күрделі аспектілерінің бірі. Сонымен қатар, ел әскерінің деңгейі мен жағдайын бір немесе екі төтенше жағдайға қарап бағалау дұрыс емес деп ойлаймын. Қарулы Күштер тек оқ-дәрілер қоймасы ғана емес, бұл күрделі организм, кейбірі жеке, алайда өзара байланысты салалар болып табылады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқ-дәрілерді және тұтастай қару-жарақ пен техниканы қауіпсіз сақтау басты міндеттер ретінде айқындады - деді ол Закон.кз сайтына берген сұқбатында.

Оқ-дәрілерді түгендеу, жарамдылығын тексеру және бытыратып орналастыру жөніндегі жұмыстар еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. 

Бұл оқ-дәрілер мен барлық қару-жарақтың және техниканың нақты жағдайын анықтауға мүмкіндік берді. Өйткені кейбір әскери бөлімдерде мүлікті сақтау көлемі Қарулы Күштер құрылғаннан бері бұл жұмысты аяқтауға мүмкіндік бермеді. Көп бөлігі белгіленген мерзімде қызмет еткен оқ-дәрілердің ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибені талдау негізінде 2019 жылдың соңында 2025 жылға дейін есептелген Оқ-дәрілерді сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мен дамытудың кешенді жоспары әзірленді - деді ол.

Оның айтуына қарағанда аталған жоспардың орындалуына басымдық берілді.

Біріншіден, біз халыққа нақты қауіп төнген қоймалардан оқ-дәрілерді әкеттік. Күрделі жағдайдағы 13 қоймадан оқ-дәрілердің үлкен көлемін апатсыз аман-есен жеткіздік. Мен қиындық туралы себебіне қарай айтып отырмын, өйткені снарядтарды, миналарды, бомбалар мен гранаталарды тасымалдау, оларды жаңа сақтау орындарына орналастыру – өте қауіпті және күрделі процесс. Мәселен, Жамбыл облысындағы Сарыкемерден 2020 жылдың шілде және желтоқсан айларында қауіпсіз жерлерге 520 тоннадан астам қауіпті оқ-дәрілер шығарылды. Бұл бейбіт тұрғындардың шығынын болдырмай атқарылған іс болды - деді Марат Құсайынов.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жергілікті жерлерде Инвестициялар және даму министрлігінің оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі уәкілетті ұйымдарына жәрдем көрсеткен. Алайда қажетті технологиялардың, сақтау орындарының болмауы снарядтар мен миналарды тез залалсыздандыруды едәуір қиындатты.

Пайдаланылмаған оқ-дәрілерді жоюға әскерилердің құқығы жоқ еді. Оқ-дәрілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң жүзінде жұмыс жүргізілді. Мысалы, 2020 жылы Қорғаныс министрлігі заңнамаға түзетулер енгізуді бастады, оған белгіленген мерзімде қызмет еткен снарядтар мен миналарды өз бетінше жою өкілеттігі берілді. Осының арқасында әскерлерде талап етілмеген мүлік пен қару-жарақты кәдеге жаратуға, жаңа үлгілерге қажеттілікті анықтауға мүмкіндік туындады. Басқару органы – оқ-дәрілерді есепке алу, сақтау, тұтыну өкілеттіктері берілген Оқ-дәрілердің бас басқармасы қалпына келтірілді - дейді Бас штаб бастығы.

Мәселені шешудің бірінші кезектегі шаралары ретінде 2021 жылы саперлер 1 миллионға жуық оқ-дәріні жойды.

2022 жылдан бастап бұған үш есе көп полигондар жұмылдырылады. Басшылық оқ-дәрілерді сақтаудың екі жаңа үлкен базасын салу туралы мәселені шешті, қажетті қаражат бөлінді, жобалау жұмыстары басталды. Екі жыл бұрын оқ-дәрілер қоймаларының айналасындағы тыйым салынған аумақтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту жұмыстары басталды. Өйткені соңғы жылдары түрлі себептерге байланысты оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне тұрғын үйлер жақын салынуда. Бұл шаралардың барлығы Президент бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында жүйеленген. Бұл басым тәртіппен оқ-дәрілерді сақтайтын жаңа объектілердің құрылысын бастауға және соңғы үлгідегі өрт сөндіру құралдарын орнатуға қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Біз осы басты бағытты сақтай отырып, жұмысты жалғастыра береміз - дейді Марат Құсайынов.

Өзгелердің жаңалығы