Қорғаныс министрлігі ресейлік зымырандардың сынақтарына қатысты түсініктеме берді

28 Ақпан 2024, 12:20
644
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі ресейлік зымырандардың сынақтарына қатысты түсініктеме берді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Мәжілістің кулуарында ресейлік зымырандардың елімізде жүргізіліп жатқан сынақтарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев мұндай сынақтар Қарағанды ​​және Жамбыл облыстарында орналасқан “Сары-Шаған” полигонында жүргізіліп жатқанын айтты.

Зымырандардың ұшу қашықтығы 200 шақырымға жетеді. Бұл полигонда инфрақұрылым да, халық та жоқ, - деді ол кулуарда журналистердің сұрағына жауап бергенде.

Бұған дейін Жазықбаев Қазақстан бойынша Ресей әскерінің саны қанша екенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы