Қорғаныс министрлігі Ресейге қандай әскери техника тасымалданып жатқанын айтты

30 Шілде 2023, 13:06
3012
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі Ресейге қандай әскери техника тасымалданып жатқанын айтты
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Қазақстаннан Ресейге әскери техника тасымалданып жатқаны туралы ақпарат тараған болаты. Қорғаныс министрлігі аталған ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.

Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы