Қорғаныс министрлігі Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

Министрлік бұл қазаны әскери қызметшілердің отбасылары мен қарулас жолдастары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ауыр қаза деп бағалады.

 BAQ.KZ архиві 25 Қыркүйек 2026, 00:16
25 Қыркүйек 2026, 00:16
159
Фото: BAQ.KZ архиві

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Министрлік бұл қазаны әскери қызметшілердің отбасылары мен қарулас жолдастары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ауыр қаза деп бағалады.

«Отан алдындағы міндетін атқару кезінде өмірден өткен әскери қызметшілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, оларға сабыр мен төзім тілейміз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына тағы да қайғырып көңіл айтамыз. Рухтары пейіште шалқысын», – делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Наверх