Қорғаныс министрінің орынбасары жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

6 Сәуір 2023, 11:15
807
Бөлісу:
Қорғаныс министрінің орынбасары жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ынтымақтастық жоспарына сәйкес Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының консультациялары қорғаныс министрлері орынбасарлары деңгейінде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов пен генерал-полковник Александр Фомин екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қорғаныс министрінің орынбасары жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Сапар аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ресейдің жоғары әскери оқу орындарында оқитын қазақстандық әскери қызметшілермен кездесті.

Ол әскери пәндерді игеру үдерісіне, курсанттардың күн тәртібін, оқуын және мәдени демалысын ұйымдастыруға баса назар аударды. Министрдің орынбасары оларға оқуды аяқтағаннан кейін берілетін басымдықтар туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы