Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргізді

Бүгiн, 08:30
191
Бөлісу:
Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргізді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғылық органдарының отырысы аясында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Сұхбат барысы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру төңірегінде болды.

Тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Ұйымның қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық мәселелерін де қозғады.

Естеріңізге сала кетсек, бірлескен шаралар 28 қарашада Астанада өтеді.

Өзгелердің жаңалығы