Қорғаныс министрі Талдықорғанға жұмыс сапарымен барды

1 Мамыр 2022, 16:10
2072
Бөлісу:
Қорғаныс министрі Талдықорғанға жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Талдықорған гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерді аралады.

Қорғаныс министрі бастаған комиссия Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов пен Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Фазылолла Бәденов бағынысты әскери бөлімдердегі істердің ағымдағы жай-күйін баяндады. 

Қорғаныс министрі Талдықорғанға жұмыс сапарымен барды

 Қорғаныс министрі Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы десанттық-шабуылдау бригадасында тұрғын үй және әкімшілік ғимараттарды, жауынгерлік машиналар паркі мен қару-жарақ қоймаларын көрді. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасының іс-шараларын орындау және Мемлекет басшысының оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету тапсырмаларын іске асыру шеңберінде комиссия объектілердің диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігін тексерді. 

Қорғаныс министрі Талдықорғанға жұмыс сапарымен барды

Авиациялық базада генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бөлімнің жабдықталуымен, оның жауынгерлік мүмкіндіктерімен, ұшу және инженерлік-техникалық құрамның дайындық барысымен, әскери инфрақұрылымның жай-күйімен танысты. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы гарнизонда орналасқан арнайы мақсаттағы бөлімшелерге де ерекше назар аударды. Бұл тұрғыда оқу-материалдық база, жауынгерлік оқудың ұйымдастырылуы, керек-жарақпен, арнайы құралдармен және әскери техникамен қамтамасыз етілуі тексерілді.

Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов байланыс бөлімшелеріндегі арнайы техниканың жай-күйімен де танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі ел Президентінің тапсырмаларын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар нұсқаулар берді.

Өзгелердің жаңалығы