Қорғаныс министрі тағайындалды

11 Қаңтар 2022, 17:33
1703
Бөлісу:
Қорғаныс министрі тағайындалды
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Соколов ауылында туған.

Білімі: 1983 ж. - 1984 ж. аралығында мерзімді әскери қызметін өтеген.

1988 жылы Киев жоғары  жалпы әскери командалық училищесін бітірген.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген.

2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясын бітірген.

Қызметі: 

1988-1998 ж.ж. – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, барлау бастығы – взвод командирі, жеке мотоатқыштар батальонының штаб бастығы лауазымдарында қызмет атқарды;

2000-2007 ж.ж. – жедел басқарма бастығы – Республикалық ұлан Орталық аппаратының штаб бастығы, Республикалық ұлан Орталық аппаратының Әскери қызмет және әскерлер дайындығы департаментінің бастығы лауазымындарында болды;

2007-2010 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары;

2010-2011 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің бастығы;

2011-2013 ж.ж.– өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;

2013-2016 ж.ж. – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

2016-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы;

2019-2021 ж.ж. – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы;

2021 ж. 31 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Әскери шені: генерал-лейтенант (2020).

II дәрежелі «Даңқ» орденімен (2014) марапатталған.

Медальдар: мерейтойлық және еңбек өтілі үшін.

Өзгелердің жаңалығы