Қорғаныс министрі Қырғыз елінің елшісімен кездесті

8 Қыркүйек 2022, 12:23
711
Бөлісу:
Қорғаныс министрі Қырғыз елінің елшісімен  кездесті

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен протоколдық кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов пен елші Дастан Дюшекеев Қырғызстан мен Қазақстанның әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайын талқылап, өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтті.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Орталық Азиядағы жағдайға қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, пікір алмасу болды.

Өзгелердің жаңалығы