Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының басшылығымен кеңес өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрі жылжымалы басқарма пунктінен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды адамдарын оқу-жаттығу шеңберінде өткізілетін іс-шаралар туралы тыңдады.
.jpg)
Өңірлік қолбасшылықтар мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылары өздерінің басқару пункттерінен қауіпті бағыттарда топтар құру және қойылған оқу-жауынгерлік міндеттер туралы баяндады. Олардың орындалу барысы Бас штабтың жылжымалы басқару пунктіне ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы көрсетілді.
Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы арнайы міндеттерді орындауға тартылатын бөлімшелерді қолдану тәртібін баяндады.
Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов оқу-жаттығудың негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою жөніндегі тапсырмасын іске асыру болып табылатынын атап өтті.
.jpg)
Осыған байланысты Қорғаныс министрі басқару органдарының жауынгерлік жұмысын ұйымдастыру және әскерлердің арнайы әскери операциялар барысындағы тапсырмаларды орындауы, сондай-ақ жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нұсқаулар берді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының аумағында өтіп жатыр.
.jpg)
Жаттығуларға Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамалары мен бөлімдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.
Оқу-жаттығулар 16 сәуірге дейін жалғасады