Қорғаныс министрі ауысты

19 Қаңтар 2022, 15:15
1145
Бөлісу:
Қорғаныс министрі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Р.Ф. Жақсылықовты тағайындау туралы

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                             Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 19 қаңтар

                       № 778

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Қорғаныс министрі ауысты

Руслан Жақсылықов, генерал-лейтенант:

  • Туған жылы: 1966 жылы 4 наурызда
  • Туған жері: Алматы облысының Қаскелен қаласы
  • Білімі: 1983 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне түсті, оны 1987 жылы бітірді. Білімі бойынша командалық тактика.
  • 1996 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірді. Білімі бойынша командалық штабтық жедел тактикалық әскери барлау.
  • 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірді. Білімі бойынша әскери мемлекеттік қауіпсіздік.

2003 жылы Шымкент қаласының маслихатының 3-ші шақырылымының депутаты болып сайланды. 
1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2006 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының орынбасары.
2007 және 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Бас штабының бастығы.
2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы.
2013 жылғы 22 қантардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.
2014 жылғы 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас Қолбасшысы.  
II дәрежелі «Даңқ» орденімен, шет мемлекеттерінің екі орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 35 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы генерал-лейтенант.
Өзгелердің жаңалығы