Қорғаныс министрі әскери зейнеткерлермен кездесті

29 Қазан 2022, 06:26
1099
Бөлісу:
Қорғаныс министрі әскери зейнеткерлермен кездесті

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматыда Қарулы күштердің бұрынғы әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қаралды. Бұрынғы әскери қызметшілерді, оның ішінде жабық әскери қалашықтарда тұратындарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы заңнама мен Қорғаныс министрлігі тарапынан осы бағытта қабылданып жатқан шаралар түсіндірілді.

Сондай-ақ зейнеткерлердің әскери медициналық мекемелерде санаторий-курорттық емдеу және медициналық қызметтер алу мүмкіндіктері қаралды. 

Өз өмірінің бір бөлігін Отанға қызмет етуге бергендердің бәрі мемлекет назарынан тыс қалмайды. Біздің міндетіміз – әскери зейнеткерлердің тұрмысын барынша жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Өзгелердің жаңалығы