Қорғаныс министрі әскери шеру не себепті болмайтынын түсіндірді

20 Сәуір 2022, 13:53
1909
Бөлісу:
Қорғаныс министрі әскери шеру не себепті болмайтынын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мамырда әскери шеру не себепті болмайтынын түсіндірді.

Қорғаныс министрінің сөзінше, қаражат үнемдеу керек.

Бүгінгі күні Қарулы күштердің алдында өте өзекті міндеттер тұр. Жоғарғы бас қолбасшы оларды бізге бекітіп берді. Оның бәрін іске асыру үшін біршама қаражат керек. Ал енді бюджеттен шеру өткізу үшін қаражат сұрасақ қалай болады? Бұған шығын шығады. Жанар-жағармайға, әскерилердің іссапарына, тамағына қаншама қаражат кетеді. Сол себепті мұндай жағдайда не үшін маңызды? Айтыңыздаршы, әскери оқу-жаттығуын өткізген маңызды ма, әлде шеру өткізген бе? - деп айтты министр.

Руслан Жақсылықов қазіргі жағдайда Қарулы күштердің даярлығына ерекше мән беру керегін түсіндірді. 

Сіздер шатастырып тұрсыздар. 7 мамыр және 9 мамыр бар. Бұған дейін естеріңізде болса, шеру Жеңіс күніне емес, Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған болатын. Осыны салыстыру керек. Жеңіс күні жоспарланған іс-шаралардың бәрі ардагерлерді ардақтау шарасы жоспарымен болады. Бізде әр әскери бөлім ардагерлерді құттықтауға міндеттелген. Оларды құттықтаймыз, - деп түсіндірді Қорғаныс министрі.

Өзгелердің жаңалығы