Қорғаныс министрі Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс министрі Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен барды
681

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен барды Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған комиссия Ақтау қаласында орналасқан әскери бөлімдерді аралады. 

Жұмыс барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді.

Қорғаныс министрімен бірге Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та гарнизонның бірқатар әскери бөліміне барды. Өңір басшысымен әскери инфрақұрылым нысандарын салу, пайдалану және жөндеудің жекелеген аспектілері талқыланды. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы гарнизонда орналасқан арнайы мақсаттағы бөлімшелерге ерекше назар аударды. Комиссия жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын, керек-жарақпен, арнайы құралдармен және әскери техникамен қамтамасыз етілуін тексерді. 

Министр авиациялық базада әуе техникасының жай-күйімен және жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуымен танысты. 

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігін тексерді, асхана мен сарбаз казармаларын қарап шықты. Әскери-теңіз базасын аралау барысында қорғаныс ведомствосының басшысы бөлімнің орындайтын оқу-жауынгерлік міндеттер мен проблемалық мәселелер туралы командирдің баяндамасын тыңдады, матростармен қызмет өткеру шарттары туралы әңгімелесті. 

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы гарнизонның әскери объектілерінің диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздігі мәселелеріне, сондай-ақ «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын оқ-дәрілерді сақтауды қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі лауазымды тұлғаларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын одан әрі іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы