Қордың жұмысы барлығы үшін ашық әрі түсінікті болуы керек - Шыңғысбаева

22 Қаңтар 2022, 12:25
1920
Бөлісу:
Қордың жұмысы барлығы үшін ашық әрі түсінікті болуы керек - Шыңғысбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ләззат Шыңғысбаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қордың жұмысы барлығы үшін ашық әрі түсінікті болуы керек. Көп штат пен филиалдың ашылуы қажет емес. Әлеуметтік секторда жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйымдар мен қайырымдылық бірлестіктер бар. Олардың тәжірибелерін сұрап, тетіктерін пайдаланып жатырмыз. Ашық түрде жұмыс істеу үшін цифрландыру керек. Ол апта сайын емес, күнделікті түрде қаражаттың келуі, жұмыстың істелуі бойынша есеп беруге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Шыңғысбаева айтқандай, ашық түрде жасалған жұмыс ешқашан сұрақ туындатпайды. 

Қорға қатысты көп азаматтан, белсенді адамдардан ұсыныс түсіп жатыр. Болат мырза атап өткендей, қамқоршылық кеңестің бірде-бір мүшесі жалақы алмайды. Азаматтардың қоғамдық бірлестігі бола тұра олар Қордан ешбір көмек алмайды. Біз халқымыз үшін осы игі істі атқаруға кірістік, - дейді Ләззат Шыңғысбаева. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев қор мемлекет пен бизнес өкілдері қолдау көрсетпегендерге жәрдемдесетінін, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қамқоршылық кеңесінің мүшелері жалақы алмайтынын айтқан болатын.

 

 

Өзгелердің жаңалығы