«Қазақстан халқына» қамқоршылық кеңесінің мүшелері жалақы алмайды – Жәмішев

22 Қаңтар 2022, 12:17
2070
Бөлісу:
«Қазақстан халқына» қамқоршылық кеңесінің мүшелері жалақы алмайды – Жәмішев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазір жұмыс істеп тұрған өзге қайырымдылық орталықтарының жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Біздің елде ондай бірлестіктер өте көп. Оларда ресурс жетпей жатыр. Сондықтан олардың серіктесі боламыз.  Олардың тәжірибесі мен кеңестері де өте маңызды. Ақша көмек алушыларға тікелей түседі. Ол дәнекерші қайырымдылық қорлары арқылы жүзеге асырылмайды, - деді ол. 

Жәмішев айтқандай, Қордағы қаржы барлық проблеманы шешуге мүмкіндік бермейді. 

Сондықтан біз басымдықтарды анықтауымыз керек. Қамқорлық кеңесінде біз Қордың стратегиясын талқылады. Бұл кеңес ешқандай жалақы алмайды. Олар қоғамдық қызмет ретінде міндеттерді орындайды. Жұмыс тобы барысында бұл мәселелерді талқыладық. Серіктестерді де дұрыс таңдау мәселесі көтерілді, - деді Болат Жәмішев. 

Өзгелердің жаңалығы