Қордайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

13 Тамыз 2023, 21:12
848
Бөлісу:
Қордайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы Ауқатты ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа заманауи нысан «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген.

Құрылысын мердігер «Тараз-Ісмер» ЖШС жүргізген кешеннің жобалық құны 351,7 млн. теңгені құраған.

Салтанатты шарада облыс әкімі ауылдықтарды қуанышымен құттықтап, Жамбыл спортының жоғары мәртебесіне тоқталды.

Қордайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Халқымыздың шынайы серігіне айналған спорт – бүгінде үлкен мемлекеттік қолдауға ие. Қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6 пайызына жетті. Өңірімізде спорт саласын дамыту үшін биыл жалпы 13,3 млрд. теңге қаралған. Жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өңірде спортпен айналысамын деген әрбір азаматқа қолайлы жағдай жасалуда. Өткен жылы облыста 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, биыл 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 16 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Заманауи спорт кешендері бар шалғай ауылдардың да қатары артып келеді,-деді Нұржан Нұржігітов.

Ауқатты ауылының ардагері Әділбай Семжанов ауқаттылықтардың атынан ризашылығын жеткізіп, лебізін білдірді.

Бұдан соң қонақтар мен тұрғындар жаңа кешенді аралап, танысты.

Қордайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Мұнда ауылдықтар спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.

Айта кетейік, жалпы аудан бойынша бүгінде 351 спорттық нысандар жұмыс істеуде.

Өзгелердің жаңалығы